Жалпы республиканың басым бөлігінде қатты ыстық сақталады
Синоптиктер 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Белсенді оңтүстік циклонға және соған онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның барлық аумағына өз әсерін тигізуді жалғастырады – жаңбыр, оңтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен орталығында өте қатты ыстық сақталады.