Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.
«Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.