Токио Олимпиадасында тиімсіз жұмсалған 1,3 млн теңге бюджетке қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Есеп комитеті заң бұзушылықтарды анықтаған

Фото ашық дереккөзден

Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаражат ел бюджетіне қайтарылды. Бұл туралы Есеп комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құзырлы мекеме Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтаған. Қазіргі уақытта 1,3 млн теңге республикалық бюджетке қайтарылды.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына ел атынан 95 спортшы барып, спорттың 5 түрі бойынша 8 қола медаль ғана бұйырған еді.