ҚР Энергетика министрлігі апатты жағдай туралы түсініктеме берді
ҚР Энергетика министрлігі Атырау облысындағы электр желілерінде болған апат туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында ауа райының қолайсыздығы (жаңбыр, найзағай, дауылды жел) себебінен «Құрманғазы» мұнай айдау станциясын қоректендіретін бағанадағы 220 кВ-тық 2 электр желісі (ЭЖ) бір мезгілде өшіп қалды. ЭЖ «Қазақстанның Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның теңгерімінде. Электр беру желілерінің құлаған бағаналары табылды. Бұл «Қазақстанның Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ны энергиямен қамтуда 16 МВт-қа дейін шектеуге әкелді. Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіруші желілердің іске қосу тетіктері де өшіп қалды. «Karabatan Utility Solution» электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері өшіп қалып, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетті», - делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.