Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолданды
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтіліп отыр», - деп мәлімдеді Қала құрылысын бақылау басқармасы.
Айта кетейік, «Жайсан» тұрғын үй кешенінің пәтерлері әлі күнге дейін түрлі сайттарда сатылымда тұр. Онда жылжымайтын мүліктің бағасы 14 миллион теңгеден басталады деп көрсетілген.