Жетісу облысында 6 жасар бала трактор тіркемесінің астына түсіп қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты қылмыстық тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында трактордың тіркемесінің астына алты жасар бала түсіп қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция мәліметінше, 24 шілде күні кешкі уақытта 50 жастағы ер адам бала тұратын үйге трактормен шөп әкелген.

Ересектер шөп орамын түсіріп жатқанда, аулада ойнап жүрген алты жасар бала көлік тіркемесінің астына кіріп кеткен. Көлік қозғала бастаған кезде баланы тіркеменің дөңгелектері мыжып кетті.

"Қазіргі уақытта факті бойынша Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігінде (абайсызда өлім келтіру) көзделген қылмыстық тергеу басталды. Мұндай жағдайларда қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.