Блогер Айжан Байзақова «өзгеге көмектесемін» деп апатқа ұшырады
Оның айтуынша көбі жағдайды білмей жатып, блогерлер жылдамдықты асыра пайдаланады деп айыптайды
Блогер Айжан Байзақова Алматыда қымбат көлігімен жол апатына ұшырады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Блогер жолда келе жатқан көрші көліктің жүргізушісі есінен танып қалғанын көріп, оған көмектеспек болған. Алайда Байзақова өзінің темір тұлпарынан түскен сәтте екі көлік соқтығысқан.
«Көлік қисық жүріп бара жатты. Тоқтайық деп шештік. Мен бірден жедел жәрдемге хабарластым. Біз апаттық белгіні қосып, өз көлігімізден тез шығып, әлгі көлікті тоқтатуға тырыстық. Алайда жүргізуші газды басып, бізді қағып кете жаздады, себебі ол есінен танып қалған еді. Жедел жәрдем тез жетті, жүргізушінің жүрегі сыр берген екен. Барлығы дін аман. Денсаулығыңыз шыдам бермесе мұндай ыстық күнде жолға шықпауға шақырамын», - деп жазды Айжан Байзақова.
Сондай-ақ, Байзақова болған жайтты неліктен видеоға түсіргенін айтты. Оның айтуынша, көбі жағдайды білмей жатып, блогерлер жылдамдықты асыра пайдаланады деп айыптайды екен, «ал бұл шындыққа жанаспайды» дейді ол.