$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның қант зауыттарына шикізат Үндістан мен Бразилиядан келетін болды − Бақыт Сұлтанов

Елдегі қант тапшылығының туындауына негізі себеп – бұл бағытта ешқандай жоба қолға алынбады

Қазақстанның қант зауыттарына шикізат Үндістан мен Бразилиядан келетін болды − Бақыт Сұлтанов
Фото: ашық дереккөзден

Енді отандық қант зауыттары Үндістан мен Бразилиядан келетін шикізатпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімедеді.

«Бұл мәселеге мен вице-премьер ретінде араластым. Енді басқа мәселелермен қатар, азық-түлік өнімдерін өндіруді ынталандыру және субсидиялау саясатымен айналысатын боламын. Қазір елдегі қант тапшылығының туындауына негізі себеп – бұрын-сонды бұл бағытта ешқандай жоба қолға алынбады. Ендігі біздің мақсатымыз – отандық шикізаттан қант өндірісін ұлғайту, сол арқылы импортқа тәуелділікті төмендету.

Саланың толыққанды дамуы кезінде және өндіріс көлемінің өсуімен азық-түлік белдеуі қамтамасыз етіледі, үзіліс болмайды, қант тапшылығы мен құнының өсу қаупі төмендейді. Осыны ескере отырып, қатысушылардың тиімді өндірістік-өткізу тізбегін жолға қою және заманауи сауда инфрақұрылымын құру маңызды», - деді Бақыт Сұлтанов.

Серіктес жаңалықтары