«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жауап берді
Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйектен бастап коронавирусқа байланысты барлық пойыздар тоқтатылатыны туралы ақпарат шықты. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ресми жауап берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі COVID-19 індетіне байланысты 1 қыркүйектен бастап пойыз қозғалысы тоқтатылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды.
«Пойыздар қозғалысы кестесінің өзгеруіне байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылды. Бұл ретте аталған пойыздардың барлығына билеттерді сату кезең-кезеңімен қайта жалғасады, - делінген ведомство хабарламасында.