Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, ер адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі және келген залал анықталып жатыр

Шымкентте өрт кезінде ер адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт туралы хабарлама 25 шілдеде сағат 00:30-да келіп түсті. Өрт кезінде Шаумян көшесіндегі тұрғын үй толығымен жанып кетті, үйдің шатыры құлады.

Өрт сөндірушілер өртенген үйден оның иесі – қарт адамның денесін алып шықты. Оқиға орнына келген «103» бригадасының дәрігерлері зардап шегушінің қайтыс болғанын анықтады.

Қазір өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері өрттің шығу себебін және келген залалды анықтап жатыр.