Әлемде және Қазақстанда ұялы телефонның қандай түрлері кең тараған

Автор: Мира Байбек

Елімізде смартфон бағасы бір жылда 3%-ға қымбаттады

Фото: ашық дереккөзден

Биылғы маусым айында Samsung ұялы телефон жеткізушілер нарығының 28,24%-ын иеленіп, әлемдегі ең танымал смартфон брендіне айналды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

StatCounter деректері бойынша Apple (27,22%) және Xiaomi (13,05%) екінші және үшінші орынға шыққан. Үздік бес брендке Huawei және Oppo да кіреді.

«Қазақстанда ең танымал брендтердің бестігіне де аталған брендтер кіреді, дегенмен жергілікті нарықтағы жеткізушілердің үлесінде біршама айырмашалық бар. Осылайша, Samsung еліміз нарығынтың 35,68%-ын, Apple - 25,37%, Xiaomi - 18,64%, Oppo - 7,54%, Huawei - 5,73% алады», - деп жазады Finprom.kz.

Халықаралық деректер корпорациясының (IDC) мәліметтері бойынша биыл бірінші тоқсанда әлемде 314,4 миллион смартфон сатылған, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,8%-ға аз.

Биыл Samsung сатылымы бір жыл бұрынғы деңгейде қалып отыр: бірінші тоқсанда 74,5 миллион смартфон сатылған. Apple сатылымы бір жылмен салыстырғанда 2,2%-ға өсіп, 56,5 миллион смартфонға жетті. Бұл ретте Xiaomi сатылымы 17,9%-ға, яғни 39,9 млн смартфонға, Oppo – 26,9%-ға, яғни 27,4 млн смартфонға дейін төмендеді.

«Қазақстанда биылғы маусым айының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде смартфондардың бағасы 3,1%-ға қымбаттаған. Бір жылда ең көбі Ақтөбе облысында – бірден 21,5%-ға, Алматы (бір жылда 6,3%) және Алматы облысы (5,6%) қымбаттады. Ал Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында баға өсімі небәрі 0,4% болған», - дейді сарапшылар.

Бұл ретте Қарағанды ​​облысында, елордада және Шымкентте бағаның аздап төмендегені байқалады.