Алматы облысында атыс болып, екі адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір күдіктілер іздестірілуде

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шекті. Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір күдіктілер іздестірілуде.