Қарағандыда жанжалға араласқан полицей қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 4 шілдеде орын алған

Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда жанжал үстінде видеоға түсіп қалған полицей қызметінен айырылды. Бұл туралы облыстық ПД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Даулы оқиға 4 шілдеде орын алған. Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс фигуранты қоңырау шалғаннан кейін оқиға орнына келгені айтылады.

Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ермек Тобылбаев қызметінен босатылды.

Бұған дейін желіде құқық қорғау органы өкілдерінің қатысуындағы айқай-шудың видеосы тараған болатын.

Видео авторының айтуынша, төбелес ішінде Ермек Тобылбаев пен прокуратура өкілі Алексей Бондарев та жүр.

Кейінірек прокуратура Алексей Бондарев құзырлы органда 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап жұмыс істемейтіндігін жеткізді.

Қарағанды облысы ПД даулы оқиға 4 шілдеде орын алғанын хабарлады. Бұл күні алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс фигурантынан Тобылбаевтың ұялы телефонына қаладағы кездесу туралы қоңырау келіп түседі. Кездесуде көлікке байланысты жанжал туындаған.