Түркістан облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді – ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілудес

ҰҚК баспасөз қызметі

Түркістан облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «2022 жылғы 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин»)», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.