Жүргізуші ауруханаға жатыр
Нұр-Сұлтанда қарбыз тиелген КамАЗ аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«21 шілдеде сағат 19:58 шамасында «Ssang Yong» көлігінің жүргізушісі жолда апатты жағдай тудырған. КамАз жүргізушісі жол апатының алдын алу үшін рөлді бұрып жіберіп, жарық бағанасына соғылған. Одан кейін көлік жол жиегіне аударылып қалған», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.
Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.