Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде Қаратау арқарлары фототұзаққа түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаратау арқарлары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

фото: egemen.kz

Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде Қаратау арқарлары фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айыр тұяқты сүтқоректі аң Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ұлттық парк аумағының тек Түлкібас филиалында мекендейді.

Аталмыш жануарлар Сайрам-Өгем МҰТП аумағына күзде қыстауға, көктемде төлдеуге келеді. Мамыр айының соңында жазғы жайылымға қоныс аударады.

Көктемгі санақ бойынша ұлттық паркте шамамен 75 арқар мекендейді. Олар бұталар мен шөптесін өсімдіктердің 70 түрімен қоректенеді.