Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған
Самара-Шымкент тас жолында көктайғақ салдарынан автобус аударылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«4 ақпанда сағат 14:00 шамасында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде аударылып қалды. Автобус күзет қызметкерлерін тасымалдаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға шақырады және жылдамдық пен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.