Екібастұзда 14 жастағы қызды зорлады деген күдікті қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға су қоймасында болған

Фото ашық дереккөзден

Екібастұз ауылдық аймағының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан 14 жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы арыз түскен.

«Аталмыш факті су қоймасында болған. Жәбірленуші достарымен бірге ересектердің қарауынсыз болған», - дейді департаментте.

ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі 1-тармағы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.