Жылқылар қараусыз жайылып жүрген
Павлодар облысында 11 жылқы ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде полицияға Павлодар ауданы ауылдарының бірінің 41 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол 11 бас жылқы ұрланғаны туралы хабарлады. Шығын 4 700 000 теңгені құрады. Анықталғандай, жылқылар қараусыз жайылып жүрген. 6 күн бойы иесінің өз күшімен іздеуі сәтсіз болды.
Ұрлық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде полиция қызметкерлері Павлодар ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұдан басқа, ұсталған адамға қатысты осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріледі.