Өскеменде екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан жарақат алған екі адам ауруханада жатыр

фото: egemen.kz

Өскеменде екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ГАЗ 330210 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде тұрған ГАЗ 53Б көлігіне соқтығысқан.

ШҚО Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ГАЗ 330210 көлігінде 2 жолаушы болған. Олардың бірі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, 2007 жылы туған бала мен 62 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды.  

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: