Ол 15 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді
Көліктегі полиция департаменті ұшақ бортында мас күйінде болғаны үшін Ресей Федерациясының азаматына айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«SCAT» әуе компаниясы өкілдерінің шағымымен Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлері «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген жолаушыға хаттама толтырды.
«Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматы ұшақ бортында мас күйінде болған. Полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - деп көрсетті Көліктегі полиция департаменті.