Қазақстанда өткен тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 23 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 2257 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 642,
Алматы қаласында - 650,
Шымкент қаласында – 145,
Ақмола облысында – 38,
Ақтөбе облысында – 30,
Алматы облысында - 82,
Жетісу облысында - 78,
Атырау облысында - 44,
Шығыс Қазақстан облысында - 22,
Абай облысында - 15,
Жамбыл облысында - 86,
Батыс Қазақстан облысында - 39,
Қарағанды облысында - 188,
Ұлытау облысында - 24,
Қостанай облысында - 29,
Қызылорда облысында - 69,
Маңғыстау облысында - 19,
Павлодар облысында - 19,
Солтүстік Қазақстан облысында - 16,
Түркістан облысында - 22.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 323 710 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 838 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласында - 167,
Алматы қаласында - 508,
Шымкент қаласында - 52,
Алматы облысында - 33,
Атырау облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 12,
Қарағанды облысында - 43,
Ұлытау облысында - 1,
Қызылорда облысында - 11,
Павлодар облысында - 1,
 Түркістан облысында - 3.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 297 761 адамға жетті.

Сондай-ақ 21 шілдедегі мәлімет бойынша, 12 410 адам коронавирус инфекциясынан (–12 285+ және 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 099 пациент стационарда, 11 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

23 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.