30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі
30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституция күні атап өтіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биыл тамызда аптасына бес күн істейтін азаматтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады.
Ал алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және алты күн демалыс.
Тамыз айында Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Осы жылы 30 тамыз сейсенбіге түсіп тұр, осыған байланысты демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылды. Сол себепті бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалады.