Теңіз кенішінде 33 жұмысшы астан уланып, ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар түскі астан кейін өзін жайсыз сезінген

фото: massaget.kz

Теңіздегі «ISKER Консорциумы» ЖШС 33 жұмысшысы астан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін «ҚазПромСтройИнжиниринг» ЖШС асханасында түскі ас ішкеннен кейін жұмысшылар өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлік көмекке жүгінді.  

«Теңізшевройл» ЖШС емханасында оларға диарея диагнозы қойылған. Он шақты адам ауруханаға жатқызылды.