Түркістан облысында жүкті әйел асылған күйі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмағаны мәлім болды

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысының Келес ауданында жүкті әйел асылған күйі табылды. Оның артында екі баласы қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның қайтыс болғаны 16 шілдеде белгілі болды.

«Келес аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінен жас әйелдің өз үйінің ауласында асылып, қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Хабарламаны алған соң оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Бұл оқиға сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері оның денесін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын мәлім етті.