Республиканың кей өңірінде өрт қаупі сақталады
Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Антициклон жотасы ҚР территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Тек батыс пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт болып, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс бағыттардан жел соғады, күші 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы болады.