Бұл факті бойынша алаяқтық бабымен тергеу амалдары басталды
Семейде жас жігіт танысының атына 680 мың теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
47 жастағы жергілікті тұрғын маусым айында таныс жігіт қаржылық көмек көрсетемін деген сылтаумен оның атына 680 000 теңге несие ресімдегеніне шағымданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынын ұстады.
«Күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 бабының 1-бөлігі, яғни алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.