Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу 20-21 шілдеде өтеді

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«20-21 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барады», - делінген БОРТ №1 telegram-арнасындағы хабарламада.