ФТБ іздеу жариялаған наркобарон Мексикада қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

АҚШ күдіктіні тапқан адамға 20 миллион доллар сыйақы төлейтінін мәлімдеген болатын

фото: aa.com.tr

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы іздеу жариялаған наркобарон Рафаэль Каро Кинтеро Мексикада ұсталды деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Кинтеро Мексикадан АҚШ-қа есірткі заттарын контрабандалық жолмен жеткізумен айналысқан. Сонымен қатар оған АҚШ-тың есірткімен күрес басқармасы қызметкерін өлтірді деген айып тағылған.

Наркобарон Синало штатының Чойс қаласында қолға түсті.

2018 жылы АҚШ билігі Каро Кинтероны тапқан адамға 20 миллион доллар сыйақы беретінін жариялаған болатын.

Каро Кинтеро АҚШ-қа экстрадициялануы мүмкін.