Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір мұндағы 22,3 мың адамға қауіп төніп тұр

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында су тасқынынан кем дегенде 6 адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Sina ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бэйчуань-Цян автономды уезінде толассыз жауған жаңбырдың соңы су тасқынына ұласқан.  

Құтқарушылар із-түссіз жоғалып кеткен 12 адамды іздестіріп жатыр.

Су тасқыны жолдарды шайып кеткен, сондай-ақ  электр желілері зақымданып, бағаналар құлады.

Тегтер: