Ол құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіргені үшін қамауға алынған болатын
Заңгер Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотынан.
Естеріңізге саламыз, адвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топты жою бағытындағы қызметіне кедергі келтіргені үшін қамауға алынған болатын.