Өрттің аумағы шамамен 400 шаршы метр
Елорданың оң жағалауында орналасқан жекеменшік монша өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирный 19 мекенжайында орналасқан моншадан өрт шыққан.
«ТЖД мамандары сағат 16:46-да оқиға орнына арттанды. Өрт жеке үйлерге жайылуы мүмкін», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Өрт сағат 17:44-те ауыздықталды, алдын ала болжам бойынша 400 шаршы метр жер өртенген.
Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасап жатыр.