Мұрат Жүзгенбаев оқиға орнында көз жұмды
Ыстықкөл облысында жүргізуші жол жиегінде велосипед теуіп келе жатқан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мұрат Жүзгенбаевты қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға 16 шілдеде сағат 07:40 -та Комсомол ауылында орын алған.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы, 58 жастағы Мұрат Жүзгенбаев Қырғызстанға екі спортшысымен бірге чемпионатқа дайындалу үшін барған.
Белгілі болғандай, Lexus rx330 жүргізушісі Nissan Micra көлігімен соқтығысқан. Өз кезегінде екінші көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол шетінде кетіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен.