Оқиға бүгін түс уақытында болған
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«16 шілдеде сағат 12-30-да Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы суға шомылу үшін жабдықталған қалалық жағажайда Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған жасөспірімді құтқарды», - деп көрсетті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетілді. Содан кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.