Жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін жалғасады
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М-1 көпіріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Нұр-Сұлтан әкімдігіне сілтеме жасап.
16 шілде мен 15 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі М-1 көпірі бойынша жол учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген басқарманың хабарламасында.