Антикор Алматы қаласы ТЖД басшысына қатысты іс қозғады

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомство істің қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтылаған жоқ

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы ТЖД басшысы Руслан Қасыбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство істің қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтылаған жоқ.

Азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қасыбаев 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып жұмыс істейді.

2015 жылдан 2020 жылға дейін Алматы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы болды.