Ауыл шаруашылығы мүлдем басқаша дамуы қажет – Даниал Ахметов

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде асыл тұқымды мал сатып алу үшін фермерлерді субсидиялау жалғасуда

Фото ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауыл шаруашылығы мүлдем басқаша болуы үшін біз көп нәрсені өзгертуіміз керек. Егер сіз соңғы 20 жылдағы статистикаға мұқият зер салсаңыз, онда сіз революциялық өзгерісті көрмейсіз. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жасаған тұжырымдарға сәйкес, біз өз іс-әрекетіміздің парадигмасын өзгертуіміз керек дегенді білдіреді. Менің ойымша, біз қазірде он миллиардтаған субсидия бөліп отырған көп нәрсе тиімсіз», - деді аймақ басшысы.

Әзірге өңірде асыл тұқымды мал сатып алу үшін фермерлерді субсидиялау бағдарламасы жалғасуда. Жыл басынан бері 7,2 млрд теңгеге субсидия төленді, жақын арада тағы 900 млн теңге бөлінеді.