Салымшылар танымал қаржы ұйымының жабылуын талап етіп отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Құқық қорғаушылар алдымен алданған азаматтардың арызын қабылдады

Фото ашық дереккөзден

«48 миллион теңгемізді қайтарсын». Салымшылар танымал қаржы ұйымының жабылуын талап етіп отыр. Олар бүгін қалалық полиция департаментіне жиналып, сан соқтырып кеткендерге заң аясында шектеу қою керегін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Өз кезегінде құқық қорғаушылар алдымен алданған азаматтардың арызын қабылдады. Кейіннен қаланың бас прокуратурасы салымшылармен жақын уақытта арнайы кездесу болатынын жеткізді.

«Қалалық департаментке 48 адам жиналдық. Бұған дейін де дәл осы мәселемен 400 азамат шағым түсіріпті. Жалпы 700 млн теңгенің көлемі. Мұндай ауқыммен сотқа беруге де құқылымыз ғой. Мәселеміз шешімін табуы керек», – деді «Рахым» әлеуметтік қорының жетекшісі Бибінұр Шерәлиева.

Еске сала кетейік, жуырда ғана ел президенті қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заңға өзгеріс енгізген еді. Соған сәйкес, мұндай ұйымдарды жарнамалағандар да ендігіде қатаң жауапқа тартылады. Дегенмен «қаржы ұйымы әлі де азаматтарды алдап шақыруды тоқтатпай отыр» дейді салымшылар.

«Бақытты отбасында, тек көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасына көмек көрсетілетін жерлерде жарнама жасап отыр. Именно жұмыс күні емес. Құрбан айт, дүйсенбі болды.  Неге сол күні таратпасқа?  Олар жексенбіде адамдарды шақырады», – деді  салымшы Кенже Бералиева.