Даниал Ахметов Кәрім Мәсімовтің інісінің ШҚО арқылы Ресейге өткенін жоққа шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

ШҚО әкімі бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмайтынын жеткізді

 

Коллаж: Azattyq Ruhy

Даниал Ахметов Кәрім Мәсімовтің інісінің ШҚО шекарасы арқылы Ресей Федерациясына өткенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Журналистердің Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовтің Ресей мен Шығыс Қазақстан шекарасын кесіп өту кезінде ұсталуы туралы сұрағына жауап берген облыс әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдері айтқан тұжырымды жоққа шығарды.

Тақырыпқа орай: Кәрім Мәсімовтің іздеуде жүрген інісі ұсталды

«Оның нақты қайда ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Ақпаратта бұл оқиғаның Ресей Федерациясының шығысындағы шекарасын кесіп өтуі мүмкін делінген. Сол себепті мен бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын. Ал құқық қорғау органдарының тиімді жұмыс істегені күмән тудырмайды», - деп атап өтті аймақ басшысы ОКҚ брифингінде.