Бұқтырма су қоймасындағы жағалауды дамытуға 17 млрд теңге бағытталды

Автор: Әсел Оршыбекова

17 млрд теңгенің 5,5 млрд теңгесі әуежайды жаңғыртуға бөлінеді

Фото ашық дереккөзден

ШҚО-да Бұқтырма су қоймасындағы жағалауды дамытуға 17 млрд теңге бағытталды. Осылайша Алакөл көлінің даму бағыты өзгертілмек. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс басшысының айтуынша, алдағы үш жылдың ішінде Бұқтырма су қоймасы еліміздегі кез келген үздік курорттық аймақпен бәсекелесе алатын деңгейге жетпек.

«17 млрд теңгенің 5,5 млрд теңгесі әуежайды жаңғыртуға, 6 млрд теңге абаттандыру жұмысына бағытталды. Одан кейін 2,5 млрд теңгеге электр қуатымен жарықтандыру мәселесін шешіп жатырмыз. Ал қалған қаражат су және кәріз жүйесі мәселелерін шешуге бағытталуда. Бұл орайда үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Біз қазір 60 гектар жерді дайындап жатырмыз. Абай облысы дайын болғаннан кейін бірқатар инвесторлар сол жерге келіп, тамаша ғимараттар салатыны сөзсіз. Біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді облыс басшысы.