«ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтожол» бір компанияға айналатын болды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Тоқаев екеуінің атқарып отырғаны бір жұмыс екенін айтып өтті

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тоқаев Қазақстанда жолдарға қызмет көрсететін екі компания бар, бірақ екеуінің атқарып отырғаны бір жұмыс екенін айтып өтті.

«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Қазақавтожолды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқарады», - деді Тоқаев.