Ақордаға апаратын жол жамау-жамау құрақ көрпеге ұқсайды – Тоқаев

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Президент елдегі басқа жолдарды айтпағанда, өзінің кеңсесі – Ақордаға апаратын жолдың сапасын қатты сынға алды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жол құрылысы саласы жемқорлықтың астында қалғанын, сондықтан елдегі жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілді проблемаларға ерекше тоқталғым келеді. Биыл 11 мыңнан астам жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған 600 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылыс саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Тіпті басқа жерді айтпағанда, Ақордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау құрақ көрпеге ұқсайды», - деді Тоқаев.