Коронавирус: 414 адам көз жұмды, мыңдаған адам ауыр халде

Автор: Azattyq Rýhy

396 науқас қауіпті дерттен айыққан

Қытайдың Хубэй провинциясында жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 414 адамға жетті. Ауруды жұқтырғандардың жалпы саны – 13 522 деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, 3 ақпанда 64 адам қайтыс болған және вирусты жұқтырудың жаңа 2 345 оқиғасы тіркелген. Олардың 1 242-сі Ухань қаласының тұрғындары. Сондай-ақ, 396 адамның аурудан айыққаны белгілі болып отыр.

Еске салайық, 2019-nCoV деген атау алған жаңа коронавирус өткен жылдың аяғында Қытайдың Хубэй провинциясында тіркелген болатын. Ел билігі бұл туралы 31 желтоқсанда мәлімдеген. Аталған дерттің жылдам тарауына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады.