Азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ
Қапшағай су қоймасында жағадан 100 метр қашықтықта 49 жастағы Ұлыбритания азаматы құтқарылды. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, 13 шілде күні сағат 18:55 шамасында Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып бара жатқан 1973 жылы туған ер адамды байқап қалған.
«Құтқарушылар ер адамды жағаға аман-есен алып шықты, британдық азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.