Қызылордада тұрғын үй толығымен жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында тұрғын үй толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 50 литрлік газ баллонын алып шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің хабарлауынша, бүгін, 13 шілде сағат 00:23-те облыс орталығындағы М. Дулатов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шықты.

«Барлау жұмыстарының нәтижесінде каркастан салынған тұрғын үйдің және ауладағы тұрмыстық заттардың өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында жақын орналасқан тағы бір тұрғын үйдің өртенуінің алдын алудың мүмкіндігі туды. Өртенген үй ішінде адам болмаған. Өрт ішінен 50 литрлік газ баллоны шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деді Қызылорда облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.