Ақтөбе әкімі қызметін 1,5 млн долларға сатпақ болғандар ұсталды – ҰҚК

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл 

Қылмыскерлер өзін жоғары лауазымды шенеуніктің көмекшілері ретінде таныстырып, Ақтөбе қаласының әкімі қызметін 1,5 миллион долларға ұсынған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына орай жарыққа шыққан фильмде айтылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңа туындыда сондай-ақ ҰҚК қызметкерлерінің атқарған жұмыстары, оның ішінде экономикалық қылмыспен күресі жайлы кеңінен көрсетіледі.

«Тағы бір қарапайым мысал айтсақ, кейбіреулер ештеңеден тайсалмастан, өзін жоғары лауазымды шенеуніктің көмекшісі ретінде таныстырып, жоғары қызметке тағайындау үшін өзгелерден ақша бопсалаған. Олар биыл бір жарым миллион долларға Ақтөбе қаласының әкімі қызметін ұсынған. Олар тиісті соманың бір бөлігін, яғни 30 миллион теңге төлемін алып жатқан кезде қолға түсті», - деді ҰҚК қызметкері.