Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы елімізде 820 адамнан табылды
13 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 700 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 433 пациент стационарда, 2 267 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом қабылдап жатыр.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында 16 адамның жағдайы ауыр. ӨЖЖ аппаратында жатқандар, жағдайы аса ауыр науқастар жоқ.
Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы елімізде 820 адамнан табылды.