Жеңімпаздар ҰБТ-дан босатылып, өзі қалаған отандық ЖОО-ға емтихансыз түсе алады
Халықаралық пәндік, мәдени және спорттық олимпиадаларда жүлделі орыннан көрінген оқушыларға 4,5 млн теңгеге дейін бір жолғы үстемақы беріледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Жеңімпаздар Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып, өзі қалаған отандық ЖОО-ға емтихан тапсырмай түсе алады. Олардың ұстазы мен тәлімгерлеріне де қаржылық ынталандыру көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Мен ҰБТ тапсырмайды деп әдейі айтып отырмын. Мысалы, химия бойынша дарынды балаларды алайық. Менделеев атындағы үлкен халықаралық байқауда жүлделі болды, бірақ қазақ тілі мен тарихы пәндерінен әлсіз болуы мүмкін. Бірақ соңғы екі пәнге бола химия пәніндегі білімін құрбан қылмай, қолдау көрсетеміз. Дәл осындай салалық дарынды балалар үшін ерекше қолдау көрсетіледі», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.