Павлодарға келген семейлік әйел із-түзсіз жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Еріктілер оның сал ауруына шалдыққанын мәлім етті

Фото: ашық дереккөзден

25 жастағы әйел Семейден Павлодарға туыстарына қонаққа келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«VITA» іздеу жүйесінің хабарлауынша, оның ұялы телефоны жоқ.

«8 шілде күні сағат 19:00 шамасында Гүлнар Тойшыбекова Катаев көшесі, 11/1 мекенжайынан шығып кеткен. Ол ақ шорты, жеңінде қызғылт түсті лампасы бар сұр футболка және қызғылт түсті бауы бар ақ кроссовка киген», - дейді еріктілер.  

Еріктілер оның сал ауруына шалдыққанын, оң жақ қолы бүгілгенін және оң аяғын ақсап басатынын айтады.