Павлодар облысында мешіт ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ғибадат орны 200-ден астам адамға арналған

Фото ашық дереккөзден

Ертіс ауданының Қызылжар ауылдында қасиетті Құрбан айт күні жаңадан заман талабына сай мешіт ашылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Салтанатты рәсімде алдымен Құран аяттары оқылып, дұға жасалды.

Мешітті осы елдің тұрғыны, «Уразбаев» шаруа қожалығының басшысы Сайлау Оразбаев тұрғындардың көмегімен бірлесіп тұрғызған. Ғибадат орны 200-ден астам адамға арналған, күмбезі мен имам бөлмесі, намаз оқитын орны бар. Сонымен қатар  басқа да мүмкіндіктер толығымен қарастырылып жабдықталған.

Мешіт аумағы абаттандырылып, шыршалар отырғызылып, гүлзарлар төселді.

Мешіт имамы болып ҚМДБ төрағасы, бас мүфти бұйрығы бойынша осы өңірдің тумасы Дархан Мусин тағайындалды.

Мешіттің ашылуына орай қазақ күресі, қол күресі, жілік сындыру сайыстары ұйымдастырылды. Барша халыққа дастархан жайылып, балаларға тәттілер таратылады.